30.06.2022, 15:43
Оқылды: 65

Веложорық аяқталды

«Еуразия» туристік-сауықтыру кешенінде велосипед туризмі техникасынан облыстық «Күміс шабақ – 2022» жарысы оздырылды. Аталмыш бәйгеде облыс бойынша 14-17 жас аралығындағы 58 оқушы бақ сынады. Жарысқа қатысушылар облыс көлемінде алты күндік бірінші категориялы веложорық жасап, 300 шақырым қашықтықты бағындыруы тиіс болатын. Маршрут бағыты бойынша өз аудандарынан бастау алған жорық «Евразия» туристік-сауықтыру кешенінен аяқталды.

WhatsApp Image 2022-06-30 at 15.32.10

Сондай-ақ жас спортшылар «Мәнерлеп жүру», «Триал», «Велокросс» қашықтықтарын да жүріп өтті. Велосипед туризмі техникасының дайындық деңгейін арттырып, қатысушылардың туристік шеберлігін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған сайыс тартысты өтті. Нәтижесінде төрешілердің шешімен жүлделі I орынды Ақжайық ауданының  командасы жеңіп алды. Жәнібек ауданы II орынды қанжығасына байласа, Бәйтеректен келген команда III орынға лайық деп танылды.

Айта кетейік, облыс бойынша іріктелген команда велотуризм техникасынан Қарағанды қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алады. Командаларға сәттілік!

 Аманжол Исламғали,

   zhaikpress.kz

                                                                                       

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале