4.07.2026, 17:30
Оқылды: 34

World Boxing рейтингі: Бес қазақстандық боксшы көш бастады

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, World Boxing ұйымы боксшылардың кезекті жаңартылған рейтингін жариялады.

16dbafe3a658a2d5f61db1ea266746afd6046ecb

Фото: kfb.kz

Жаңа тізімде бірнеше отандық спортшы көшбасшылық орындарын сақтап қалды. Сонымен, бес боксшымыз өз салмақ дәрежелерінде бірінші орынға тұрақтады, олар: Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Наталья Богданова (70 келі) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары).

Сонымен қатар Назым Қызайбай (48 келі), Аида Әбікеева (65 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі) рейтингте екінші орынға жайғасты. Ал екі Әлем кубогының кезеңінде жеңіске жеткен Виктория Графеева (60 келі) үздік үштіктің қатарына енді. Сондай-ақ Алуа Балқыбекова (51 келі), Надежда Рябец (80 келі), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі) және Нұрбек Оралбай (85 келі) өз позицияларын сақтап қалды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале