13.06.2026, 16:30
Оқылды: 6

Запастағы сарбаздар дрон басқаруды үйренуде

Жамбыл облысындағы ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жұмыс істеуге маманданған №14157 әскери бөлімінің базасында бірегей оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

_gluster_2026_6_12_77556da1fe7881a1695610c09047da3c_1280x720

Фото: gov.kz

Әскери жиындар тарихында алғаш рет запастағы сарбаздар дәстүрлі даярлық курсымен қатар, қазіргі заман талабына сай далалық жағдайда дрондарды басқаруды үйренуде. Бір айлық бұл жиынға Тараз қаласы мен Жамбыл, Жуалы, Байзақ аудандарынан 120 азамат шақырылды. Олардың арасында күнделікті өмірде фермер, жүргізуші, инженер, заңгер мен бухгалтер болып еңбек ететін түрлі мамандық иелері бар. Шақырылғандар қабылдау пунктінде арнайы тіркеуден өтіп, әскери киім-кешек және қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілді.

Әскери бөлім басшылығының мәлімдеуінше, бөлімде жеке құрамды қабылдауға, оқу алаңдары мен шатырлы лагерьлерді жабдықтауға толық жағдай жасалған. Ал запастағы азаматтарды жаңа мамандыққа баулуға тәжірибелі нұсқаушылар тартылған. Сарбаздар отыз күн ішінде тек бастапқы әскери дайындықтан өтіп қана қоймай, дрондардың құрылымы мен оларды басқару негіздерін терең меңгереді. Жиынға қатысушылар да заманауи технологиялардың көмегімен ел қорғауды үйренуге үлкен ықылас танытып отыр. Осылайша, еліміздегі әскери міндеттілерді даярлау жүйесі қазіргі ұрыс алаңындағы өзгерістер мен ұшқышсыз ұшу аппараттары операторларының маңызына сай қарқынды түрде жаңарып келеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале