26.04.2017, 11:48
Оқылды: 78

Зауыт 200 мың тоннадан астам жоғары октанды бензин өндіруге қауқарлы

Канденсат 02  Бүгін "Қазақстан Даму банкі" АҚ Ақсай қаласындағы "Конденсат" АҚ зауытына баспасөз турын ұйымдастырды.

     Сапар барысында журналистер өткен жылы пайдалануға берілген, жобалық қуаты 250 мың тонна болатын вакуумдық айыру секциясының жұмысмен танысты. Жаңа қуат көздерін іске қосу ауыр мұнай өнімдерін өңдеуге және ақшыл мұнай өнімдерін шығаруды 90 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік берді.


     Атап айтқанда, "Конденсат" АҚ өткен жылдың желтоқсан айында «Еуро-5» экологиялық класты автомобиль отынының коммерциялық өндірісін іске қосқан болатын. Пайдалануға берілген мұнай өңдеу құрылғылары жылына 200 мың тоннадан астам жоғары октанды бензин өндіруге қауқарлы. Бұл еліміздің батыс аймақтарының жоғары сапалы бензинмен қамтуға, сондай-ақ мұнай өңдеудің өзге өнімдерін, атап айтқанда, газойль мен гудронды экспорттауға мүмкіндік береді.

   "Конденсат" АҚ бас директоры Эдуард Жүнісовтің мәлімдеуінше, зауытты іске қосқалы 20 мың тоннадан астам бензин өндірілген. Соның 18,8 мың тоннасы облыс нарығында сатылған. Ағымдағы жылы кәсіпорында 418 мың тонна мұнай өнімдерін, оның ішінде 113 мың тонна АЙ-92, 14 мың тонна АЙ-95 маркалы бензинді, 23 тонна дизель отынын, 16 мың тонна гудрон және 15 мың тонна қазандық отын өндіру жоспарланған.

      Компанияда күні бүгін 475 адам жұмыс жасайды.

Канденсат 05

    -Мұнай өңдеу саласындағы жобаларды қаржыландыру арқылы экономиканың басым салаларын дамыту банк мандатына сәйкес келеді. Бүгінгі таңда банк еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытының екеуін - Атырау және Павлодар зауыттарын - жаңғыртуды қаржыландыруда. Бұл салаға қазір банк ұзақ мерзімді және қымбат емес несие ресурстарын ұсына алады. "Конденсат" АҚ-дағы жаңа қуат өнімін пайдалануға беру өңдеу қуаттылығын арттыруға және жоғары сапалы жаңа мұнай өнімдерін алуға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға және кәсіпорынды одан әрі дамыту үшін перспективаларды кеңейтуге зор септігін тигізеді, - дейді "Қазақстан Даму банкі" АҚ-ның аға банкирі Бақытжан Омаров.

Нұрбек ОРАЗАЕВ

Орал-Ақсай-Орал

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале