17.01.2022, 12:10
Оқылды: 54

"Жаңа босанған аналар мен жүкті әйелдерді вакцина алуға шақырамын"

– Бүгінде облыста коронавирус жұқпасы бойынша ахуал күрделі. Облыс «қызыл» аймаққа өтті. Бұл жағдай жүкті әйелдер үшін де қауіпті екенін ескерген жөн. Мәселен, өткен жылдың статистикасына көз жүгіртсек, шамамен 185 әйел инфекциялық стационарда босанды. Ал жыл басынан бері 9 әйел дүниеге  сәби әкелді.

96DF9FDB-5699-4204-BED2-FE484EE0C40D

Өңірде инфекция жұқтырған жүкті әйелдердің саны артып келеді. Қазір инфекциялық стационарда ауру жұқтырған 45-ке жуық әйел ем алуда. Коронавирустың жүктілікке қалай әсер ететінін қалай білуге болады? Бұл сұрақтың жауабын өткен жылдарға қарап айта аламыз. Яғни іштегі бала дұрыс дамымай, туабіткен аурулармен, ақаулармен, аз салмақпен дүниеге келеді немесе шетінеп кетеді.

Сондықтан жүкті әйелдерде коронавирус инфекциясы асқынбай, жеңіл түрде өтуі үшін олар вакцина алуы керек. Өйткені үшінші триместрде асқынулар болатыннын байқап келеміз. Тыныс алу жүйесіне әсер етіп, ауру пневмонияға ұласады.

Қазір облыста  қажет вакцина жеткілікті. Алайда жүкті әйелдердің екпе алуы баяу жүруде. Перинаталдық орталық бойынша айтатын болсақ, мұнда вакцина алған 8 ғана әйел түсті. Бірақ 1000-ға жуық әйел босанды. Екпе алған екі ана ғана сәбилі болды. Алайда бұл өте төмен көрсеткіш. Pfizer вакцинасы ана құрсағындағы ұрыққа зиян келтірмейді. Жүкті әйелдер 16 аптадан 37 апта аралығында екпе алады. Сонымен бірге жаңа туған сәбиі екі айдан асқан аналар да екпе алуы керек.

Сондықтан жаңа босанған аналар мен жүкті әйелдерді вакцина алуға шақырамын.

Жанна Ділманова,

облыстық перинаталдық орталықтың дәрігері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале