6.06.2023, 9:59
Оқылды: 65

Жаңа фитнес орталық ашылды

ҚР  Рәміздері  күні  мерекесіне  орай  Зашаған  кентінде  «B&M»  фитнес  орталығы  ашылды.  1200  шаршы  метр  аумақты  алып  жатқан  спорт  ғимараты  неше  түрлі  тренажерлармен  жабдықталған.  Сондай-ақ  жабық  жүзу  бассейні,  жаңа  үлгідегі  фитнес,  аэробика  және  би  залы  мен  СПА  процедуралар  кабинеті,  бүлдіршіндер  ойнайтын  бөлме,  шағын  кофейня  және  фитбар  орталық  келушілеріне  қызмет  көрсетуге  әзір.

ф

Халықты саламатты өмір салтын ұстануға шақыратын заманауи спорт кешенінің ашылуына облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов, Зашаған кенті әкімінің орынбасары Асылжан Хайруллин және Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов қатысты.

Халық денсаулығын нығайту – басты  міндеттеріміздің бірі. Соңғы кезде саламатты өмір салтын ұстанушылар саны да артып келеді. Жаңа кешен спортпен айналысамын деген жерлестеріміздің бар-
лық сұранысын қанағаттандыра алады. Енді спортпен шұғылданатын оралдықтар саны арта тү-
седі деген сенімдемін, – деді орталықтың ашылуында облыс әкімінің орынбасары Б. Нарымбетов.

Бүгінде аумағы кеңіп, тұрғын саны 60 мыңнан асқан Зашағанға мұндай орталық керек еке-
ні айтпаса да түсінікті. Фитнес орталығының құрылтайшылары – кәсіпкерлер Мереке Қадырбайұлы,
Бибігүл Сайлауқызы мен Аяжан Ғабдолқызы. Олар болашақта әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды да қолға алмақ. Қазірдің өзінде зейнеткерлерге арнап аптасына бір рет тегін жаттығу  ұйымдастырылуда.

 

Түгелбай  Бисен,

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале