Еліміздің өңірлерінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өнеркәсіпті дамытуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған тапсырмаларын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Өткен аптада бірнеше облыста жаңа өндіріс орындары іске қосылып, республикалық маңызы бар автомобиль жолын жаңғырту жұмыстары аяқталды, тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Сонымен қатар спорт инфрақұрылымы кеңейтіліп, қоғамдық орындар абаттандырылды, - деп жазады primeminister.kz.

Өнеркәсіп және өңдеу
Жетісу облысының Алакөл ауданына қарасты Қабанбай ауылында ауданы 2 мың шаршы метрден асатын спорт кешені ашылды. Нысанда ойын спорт түрлеріне, боксқа, күреске және жалпы дене дайындығына арналған төрт мамандандырылған зал бар. Мұнда бір мезгілде 80 бала жаттыға алады. Жалпы, 300-ге жуық жасөспірімді спортпен қамту жоспарланған. Облыс құрылғаннан бері өңірде 40 жаңа спорт нысаны пайдалануға берілді, оның жетеуі Алакөл ауданында орналасқан.
Түркістан облысының Созақ ауданына қарасты Жуантөбе ауылында жаңа спорт кешені ашылды. Ғимаратта бокс және күрес залдары, жаттығу залы, медициналық кабинет пен жаттықтырушыларға арналған бөлмелер бар. Нысанның құрылысы 2026 жылдың мамырында басталып, облыстық және аудандық бюджет қаражаты есебінен жүргізілді.