30.11.2021, 17:50
Оқылды: 106

Жапон ғалымдары АИТВ-ны жоятын вакцина жасады

Жапондық зерттеушілер маймылда АИТВ-ны жойған вакцина жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NHK сайтына сілтеме жасап.

photo_90496

Жапон ұлттық биомедициналық инновациялар, денсаулық және тамақтану институтының зерттеушілері жаңа вакцина алған жапон макакаларына сынақ жүргізген.

Зерттеушілердің айтуынша, жеті маймылдың төртеуі жұқтырған, бірақ кейінірек ауру макакалардың денесінде вирус анықталмаған.

Ғалымдар жануарлардың денесінде вакцинамен қоздырылған иммундық реакция АИТВ-ның жойылуына әкелді деп санайды.

Зерттеушілер шамамен бес жылдан кейін адамдарға клиникалық сынақтарды бастайтындарына үміттенеді.

Бұған дейін ресейлік ғалымдар өздері әзірлеген препарат АИТВ-ны емдеп жаза алатынын айтқан еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале