20.06.2023, 9:15
Оқылды: 466

Жапониядан жүлдемен оралды

Жапонияда каратэ әлеміндегі ең үздік турнир саналатын «Премьер-лига Karate1» сайысы өтті. Байрақты турнирде қазақ елінің каратэшілері де бақ сынады.

10010e8f-fa72-40fa-ac6d-4ff05688393f
«Каратэ WKF» сайысында оралдық Дархан Темиралиев қарсыластарының барлығын жеңіп, финалға дейін алқынбай жетті.
60 келі салмақ дәрежесінде Дарханның ақтық сында жолы болмады. Білікті бапкер Ринат Мерғалиевтің қол астында жаттығатын каратэшінің бұл жетістігі көпке үлгі.
Жуырда елімізге оралған спортшы мен оның бапкерін жерлестері қарсы алды. Сондай-ақ ел намысын абыроймен қорғап, күміс медальға ие болған каратэшіні облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қабылдап, арнайы сый-құрмет көрсетті.

Түгелбай Кенжеғалиұлы,
«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале