12.06.2022, 12:44
Оқылды: 119

Жас босанған әйел перзентханада нәрестені еденге құлатып алды

Атырау перинаталдық орталығында үш күн бұрын өмірге келген нәрестені жас босанған әйелдердің бірі еденге құлатып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

D0DC88A2-7D19-49EF-9EF2-0EDAA1E951C3

Анасы рентгенге түсуге кеткен кезде нәресте жылайды. Палатада жатқан басқа әйел жұбату үшін оны көтермек болады. Алайда сәбиді қолынан түсіріп алады.

– Жаңа туған сәбиге ми ишемиясы диагнозы қойылды. Оған оттегі жасанды тыныс алу аппараты арқылы беріліп жатыр. Сатурациясы – 93%. Геодинамикасы тұрақты, жүрек соғысы қалыпты. Неврологиялық симптом жоқ, - деп хабарлады перинаталдық орталық директоры Қанат Ермағамбетов.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, осы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылған.

– Бұл оқиға егжей-тегжейлі тексеріледі. Қазір осы мақсатта арнайы жұмыс комиссиясы құрылды. Құлаған сәби компьютерлік томографияға түсірілді. Оның қорытындысы бойынша сәбидің денсаулығына қатты зақым келмеген, - деп мәлім етті Асхан Байдуәлиев.

Дереккөз: baq.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале