6.12.2023, 12:15
Оқылды: 50

Жас ғалымдарға арналған жаңа ипотека іске қосылды

Елде жас ғалымдарға арналған жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылды. Осы арқылы мың отбасы баспаналы болады.

реновация орал (1)

Көрнекі фото

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Басты шарт – жас маманның білім саласындағы еңбек өтілі үш жылдан асуы керек. Сонда құны 20 миллиондық пәтерді 5 пайызбен 8 жылға ала алады. Ғылыми жобалардағы жетістіктерге де басымдық беріледі.

Жалпы жыл аяғына дейін жүз үй табысталады. Дархан Ахмед-Заки, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі:

- Осы шараға қатысып, бізге қолдау көрсеткен «Отбасы банк». Қазіргі таңда солармен бірге қазанда қойылған меморандум шенберінде жас ғалымдарға сәйкес, сондай бағдарлама ұсынып отырмыз. Келешекте әрине бұл бағдарлама биылман ғана аяқталмайды. Алдағы 5-6 жыл жүзеге асырылады, - дейді Дархан Ахмед-Заки.

24.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале