6.04.2023, 9:31
Оқылды: 37

Жастар теологпен кездесті

 Ел жастарына ұсынар тақырып аясы кең. Орал қаладық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық мамандары жастармен жүздесуді жүйелі жүргізіп келеді.

e42ebe50-3083-4958-b8c2-e5e01d601785

Жоғары агралық-техникалық колледж студенттерімен өткен кездесуде орталықтың теолог маманы Әсет Исламбекұлы ислам діні жайында ақпарат берді. Сонымен қатар діни экстремизм ,террорлық ұйымдар, жас буынның теріс ағымдарға еріп кетуі секілді көптеген мәселе қозғалды.

Сонымен қатар «Облыстық психонаркологиялық диспансер» маманы Нұрлан Сатанов жастарға нашаның зияны мен қаупіне тоқталды.

757ef421-754e-4933-8cfc-63d91d31b261

Игілігі мол бағдарламаның бірі – «Жасыл ел». Бұл жоба 2005 жылдан бері жүзеге асырылуда. Жалпы бағдарламаның мақсаты – жастардың күшімен елімізді көгалдандыру, елді мекен айналасын жасыл ағаштармен көркейту, сонымен қатар жастардың Отанға, жерге деген махаббатын, патриоттық сезімін ояту.

Бағдарлама туралы БҚО-дағы «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жетекшісінің уақытша міндетін атқарушы Қасиет Нұрланұлы түсіндірді.

 Сымбат Қыпшақбай,

Орал қалалық ақпараттық-талдау және жастармен

жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың бөлім басшысы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале