17.07.2020, 18:09
Оқылды: 120

«Жастар және дін» тақырыбындағы онлайн кеңес өтті

Күшейтілген карантин режімі көп мекеме жұмысын онлайн форматқа көшірді. Бүгінде лайв режімінде өтетін түрлі жиындар мен басқосулар өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғандай.

140A17D5-F1F3-4011-B39B-BDEAA27A6947

Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары да қолдан келгенше амалдап, жоспарлы шараларын тікелей эфирде өткізуді дәстүрге айналдырған.

Осыған дейін «Жасыл ел» жасағына қалайша онлайн тіркелуге болады?, «Жастар практикасы» мен «Дипломмен ауылға» бағдарламаларының қандай артықшылықтары бар, «Біргеміз білім» жалпыұлттық жобасының мақсаты мен міндеттері жайында кеңінен кеңес берген орталық мамандары дін саласын да ұмытпайды. Жастардың діни сауаттылығын арттырып, теріс жолға түспеуін қадағалау мақсатында ресурстық орталық «Жастар және дін» тақырыбында онлайн кеңес ұйымдастырды.

Орталықтың теолог маманы Әсет Раманқұлов өткізген кеңеске көптеген аудан азаматтары қатысты. Инстаграмм желісі арқылы тікелей эфирге шыққан дін қызметкері жастарды сауаттылыққа шақырып, дін жайында қойған сұрақтарға жауап берді.

Ресурстық орталық маманы Ұлданай Максимқызы алдағы уақытта мұндай шаралар жиі өтетін айтады.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале