23.07.2021, 19:37
Оқылды: 269

Жастармен кездесу өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің бастамасымен «30 Еңбек елшісі» республикалық жобасының жеңімпаздарының қатысуымен ZOOM платформасында «Қашықтықтан жұмыс істеудің құқықтық негіздері, реттеу тәртібі және қолдану мүмкіндігі» тақырыбында кездесу өтті.

93B5479A-6823-4A10-B8BC-17913B82AFFC

Аталмыш кездесудің спикері – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Тимур Нұғыманов болды. Өз сөзінде ол, 2021 жылдың 1 шілде күні Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс жасауды құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын негізге ала отырып, ақпараттық-түсіндірме берді. Ел шекарасына төтенше жағдай немесе қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жағдайда Еңбек қатынастарында орын алатын өзгерістерге тоқталды. Сондай-ақ қашықтықтан жұмыс жасау кезінде жұмыс беруші мен қызметкер арасында орын алатын кейбір жағдаяттарды еске сала отырып, тараптардың құқықтық мүмкіндерін айтып өтті.

Кездесу соңында «30 Еңбек елшісі» жобасының жеңімпаздары, кәсіподақ жастары құқық саласы өкіліне өздерінің сұрақтарын қойды. Оның ішінде қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшірілген қызметкердің қолжетімді интернет желісімен қамтылу мүмкіндіктері және мәселелері жөнінде, сонымен қатар қашықтықтан жұмыс жасау форматындағы аталмыш заңның біліктілік деңгейін жетілдіру мақсатында оқуын жалғастыруға ниетті қызметкерлер үшін қаншалықты жүзеге асатындығы туралы сұрақтар болды.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале