22.04.2026, 17:15
Оқылды: 17

Жаттықтырушы - оқытушы жалақыға қосымша ақы алуға қалай өтініш бере алады

KAZINFORM – ҚР Туризм және спорт министрлігі жаттықтырушы-оқытушыларға біліктілік үшін қосымша ақы алу тәртібін түсіндірді.

Жанибек - открытие спортзала (5)

Сурет: сайт архивінен 

Үстемақы кімдерге беріледі?

— Біліктілікті арттыру курстарынан өткен

— Біліктілік тестін сәтті тапсырған

— Оқу-жаттығу процесін ұлттық спорттық дайындық стандарттарына сәйкес жүргізетін мамандарға.

Қамтылатын ұйымдар:

— Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері (БЖСМ)

— Мамандандырылған БЖСМ

— Олимпиадалық резерв мектептері

Маңызды:

Біліктілікті арттыру 5 жылда 1 рет өткізіледі.

Өтінім оқу басталғанға дейін кемінде 14 күн бұрын берілуі тиіс.

Оқу аяқталғаннан кейін:

— электрондық форматта тестілеу өткізіледі

— біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі

— біліктілік тестінен өткені туралы сертификат табысталады

— құжаттарды жұмыс орнына тапсыру қажет

Өтінім электрондық лицензиялау порталы арқылы онлайн қабылданады.

Айта кетейік, ауылдық жерде жұмыс істегені үшін 25% үстемеақы төлеу тағы 1 жылға ұзартылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале