1.09.2020, 9:24
Оқылды: 94

Жеке сот орындаушылары мен «жасотандықтар» акцияға үлес қосты

Жыл сайын дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясы Батыс Қазақстан облысында жалғасын тауып келеді.

акция 1

Жуырда «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалы және Батыс Қазақстан облысының жеке сот орындаушылары қолдауымен Орал қаласындағы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға биылғы жаңа оқу жылында мектепке қажетті оқу құралдары мен сөмкелер табысталды.

Айта кету керек, аталмыш акция облыстың 12 ауданында одан әрі қарай өз жалғасын тауып, жалпы 100 бала сабақ құралдарымен қамтылады.

акция 2

- Бала – еліміздің болашағы, ертеңі. Өскелең ұрпақ – қоғамның басты байлығы. Болашағымыздың бүгіннен де нұрлы болуын қаласақ, ұрпақ қамын ойлауымыз керек. Жас ұрпаққа жасаған жақсылық – елдің іргетасын нық қалау. Сондықтан еліміз аман, жұртымыз тыныш, ұрпағымыз білімді де еңбекқор болсын! «Білімдіге жол жарық» демекші, өмірдің мәнін біліммен, өнермен байланыстырған ел ертеңіне сәт-сапар тідейміз! – дейді «жасотандық» Ерлік Шамғали.

Акция аясында алдыңғы толқынның ізгілікті ісін көріп, мектепке енді ғана табалдырық аттағалы отырған оқушылар жарқын көңіл күймен тарқасып, жеке сот орындаушылары мен «жасотандықтарға» алғыстарын білдірді.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале