3.02.2023, 17:31
Оқылды: 97

Жиделі ауылдық округінде мұз кептелісін жою жұмысы жалғасуда

Қазіргі уақытта Алматы облысының Жиделі ауылдық округінде мұз кептелісін жою жұмыстары жалғасып жатыр. Су басу қаупі жойылды, деп жазады ҚР Төтенше жағдай министрлігі сайтында. 

0a928fe698e32d05d9450cd113d8a748_1280x720

ТЖД, жергілікті атқарушы органдар және мердігер ұйымның күштерімен үйінді бөгет салу және суару арнасын механикаландырылған тәсілмен тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 5 тоннаға жуық инертті материал төселген, су жүру қаупі жоқ.

Осы жұмыстарға ТЖ департаментінің, жергілікті атқарушы органдар мен мердігер ұйымның 38 қызметкері мен 7 бірлік техникасы жұмылдырылды.

1dc23d71fe31c2f56ab09db543c54a6b_1280x720

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 ақпанда көзбен шолып тексеру жүргізу кезінде Балқаш ауданында, Жиделі ауылдық округінің аумағында, Бәйменей ағынының Балқаш көліне құятын жерінде мұз кептелісі орын алғаны анықталды. Каналдың ені 5-6 метр, тереңдігі 4 метр, су ағыны секундына 0,4 текше метр. Соның салдарынан Жиделі ауылдық округі арқылы өтетін Байменей өзенінен бөлінетін суару каналындағы су деңгейі көтеріліп, Жиделі ауылдық округінің су басу қаупі туындады. Аталған ауылдық округте 293 жеке тұрғын үй бар, онда 1330 тұрғын тұрады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале