12.05.2022, 9:58
Оқылды: 684

ЖОБА: «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзу туралы

FD1903A8-1AE9-4CE9-9DDC-64066E472C69

Қазақстан Республикасы Конституцияның 91-бабы­ның 1-тармағына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзiлсiн.

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Респуб­ли­касы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Респуб­ли­касының Конституциясына өзгерістер мен толықты­руларды қабылдайсыз ба?» деген тұжырымдағы сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылсын.

Осы Жарлық және «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы 2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын.

Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мем­лекеттік органдарымен және жергілікті атқарушы орган­дарымен бірлесіп, республикалық референдумды ұйым­дастыру мен өткізу жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қол­данысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Қ.ТОҚАЕВ

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы  5 мамыр

№ 888

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале