24.02.2023, 13:00
Оқылды: 97

Жүректі тербеткен ән-ғұмыр

Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебі және Батыс Қазақстан облыстық іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен қазақ вальсінің королі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Ән-ғұмыр»  балы өтті.

223d5841-2a6a-431b-b4cc-aebe3f4de63c

«Сыр сұлуы», «Ана туралы жыр», «Тамды аруы», «Сағынышым менің», «Теріскей», «Сүймегендер сағынбайды», «Сыған серенадасы»,  «Ақ маңдайлым» –  бұлардың бәрі жүрекке жақын, жан сарайын ашатын әуендер.

«Қазақ әндері» жобасы аясындағы балда өңірдің танымал жұлдыздары   композитор шығармаларын орындаса, мектеп қызметкерлері, оқушылар, ата-аналар және кеш меймандары вальс толқынында тербетіле биледі. Мектепішілік драма үйірмесінің шәкірттері бұл күні композитордың дара жолын театрландырылған қойылым арқылы бейнеледі.

3b2c844a-7dba-4b05-8f96-c8c959284000

– Шәмшінің әнімен жабырқаған көңіл жұбанып, тәтті лирикалық әуен әсемдікке, жан парасатына жетелейді. «Қазақ әндері» жобасы оқушылардың әндерді қазақ тілінде орындауы арқылы сөздік қорын толықтыруға, эстетикалық мәдениет пен вокалдық талғамды қалыптастыруға ықпал етеді. Ал вальс биі талғам мен нәзіктікті, ырғақ пен үйлесімді сезінуге үйретеді, – дейді мектеп директоры Айдарбек Айтпукешев.

Сәні мен салтанаты, шеберлігі мен үйлесімі келіскен жұптарды анықталып, түрлі аталымдар бойынша үздіктер марапатталды.

 

Айдана Хамидуллина,

Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

1a2ca932-98c2-41f9-aea9-567aff35d055 81136d01-6a9e-44cd-88b7-9444d37ea1f7 b09cc3e1-bbef-4225-97a4-a0f8e46ead68

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале