24.08.2023, 12:15
Оқылды: 686

Жыл соңына дейін жәнібектіктер жол азабынан құтылады

Өңіріміздің оңтүстігіндегі қос аудан – Жәнібек пен Бөкей ордасы бағытында күрделі жөндеуден өтіп жатқан жолдың бірінші (негізгі) қабатын тарту жұмысы аяқталуға жақын.

2b6dacdd-72d1-4f2a-b27a-da0a04a631e8

Казталов ауданында жұмыс сапарымен болған облыс әкімі Нариман Төреғалиев «Казталов-Жәнібек-РФ» жолының күрделі жөндеуден өту барысымен арнайы барып тағы да танысып кетті.

Өңір басшысы бірінші жергілікті «Юнисерв» ЖШС салып жатқан жолдың 4 және 53 шақырымындағы телімдерін қарады.

«ҚазАвтоЖол» АҚ БҚО бойынша филиалының директоры Қазбек Мәмбетовтің айтуынша, қазір бірінші телімінде  асфальтті-бетонды жолдың төменгі қабатын төсеу толықтай аяқтап, енді жоғары қабаты төселіп жатыр.

04fbe24d-2130-4b1b-9c26-a5abf9033996

Онда жолдың 20 шақырымдай бөлігі қалған. Ал екінші телімде жолдың төменгі қабатын салынып жатыр. Осы айда жол бөлігінің 15 шақырымы жасалып, қалған 9 шақырымын жыл соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.

Жалпы жыл соңына дейін жолды төменгі қабатпен толықтай ашу жоспарда бар.

103 шақырымдық «Өнеге-Бисен» жолы да төменгі қабатпен ашылады.

- Төменгі қабат – бұл негізгі қабат. Оның қалыңдығы - 35 сантиметр болады. 10 тонна ауырлықты көтереді. Ал тозу қабаты деп аталатын жолдың екінші қабатының қалыңдығы 4 сантиметрді құрайды. Келесі жылы жолдың жоғары қабаттары төселіп, жолды таңбалау жүргізіліп, белгілер салынып, 2024 жылдың соңына дейін толықтай аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деді Қазбек Мәмбетов.

Облыс әкімі Казталов пен Жәнібек аудандарының шекаралас тұсындағы Ащыөзек өзені өтетін жерде салынып жатқан көпір құрылысының қарқынын сынға алды. Мердігер компанияның учаске басшысы Марс Кенжеғұловтың сөзіне қарағанда мұнда техника аздық етуде. Әсіресе экскаватор, тиеуіш (погрузчик), камаз секілді техникалар қажет.

Нариман Төреғалиұлы Оралға барған соң мердігер компания басшысымен хабарласып, техникаға қатысты мәселені шешуді тапсыратынын жеткізді.

жол

- Бұл жолдың құрылысын ерекше бақылауымда ұстап отырмын. Өткен үш жылдың ішінде бар болғаны 55 шақырым жол салынды. Ал биылғы сегіз айда 100 шақырым жол күрделі жөндеуден өткелі тұр. Енді қалған 45 шақырымды 10 қазанға дейін аяқтау туралы осы жолға жауапты «ҚазАвтоЖол» АҚ өкіліне, бұл компанияның БҚО бойынша филиалының басшыларына тапсырма бердім. Біз жыл басынан бері Үкіметпен, «ҚазАвтоЖол», «Қазақстан темір жолы» АҚ-лармен бірлесіп жыл сайын мәселе тудырып келе жатқан битум, қиыршық тас сынды жол құрылыс материалдарына, вагонға қатысты түйтілдерді шешумен айналыстық. Соның нәтижесінде жол құрылысының жұмысы қарқын алды. Күні кеше ойламаған жерден цементке қатысты мәселе туындады. Енді оны Ресейден және маңғыстаулық «КаспийЦемент» ЖШС-дан алу туралы келісімге келдік. Қазір қажет материалдар бар. Енді қалғаны мердігер компаниялардың жұмыс істеуіне байланысты.  Егер жыл соңына дейін жолды пайдалануға беретін болсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қос ауданның тұрғындары үшін қолайлы жағдайдың жасалып, олар екі аралықтағы жолдан қиналмайтын болады. Сөйтіп халыққа берген уәдемізді орындаймыз, - деді БАҚ өкілдері сұхбат берген Нариман Төреғалиұлы.

жол

Айта кетейік, аталмыш жолды күрделі жөндеуден өткізу 2019 жылдың күзінде басталған болатын. Алайда күні кешеге дейін қаражатқа және жол-құрылыс материалдарына байланысты туындаған қиындықтарға орай жол жөнді салынған жоқ. Одан кейін материалдардың бағасы өсіп, мердігерлердің сұранысы бойынша жобалық-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілген.

«ҚазАвтоЖол» АҚ БҚО бойынша филиалы ұсынған мәлімтке қарағанда, жобалық-сметалық құжаттамаға жасалған өзгерістерге сәйкес бұл жолдың құны 80 млрд теңгені құрап отыр.

 

Сәкен Мұратұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале