13.07.2016, 9:19
Оқылды: 32

Жемқорлыққа қарсы кеңес отырысы

????????????????????????????????????

Тасқала аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. 


         Басқосуға Тасқала аудан әкімінің орынбасары Люция Жұбанышқалиева, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазез және кеңес мүшелері қатысты. Жиналысты аудандық мәслихат хатшысы Сансызбай Рахимов ашып, жүргізді.

Отырыстың күн тәртібінде Ақтау, Мерей ауылдық округтері әкімдерінің «Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасының жергілікті жерде іске асырылуы жөніндегі есептері» тыңдалды. Қос әкімге де кеңес мүшелері жастарды жұмыспен қамту мен «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жүзеге асырылуы төңірегінде сұрақтар қойды.

www.zhaikpress.kz
Рауан ТАҢАТЖАНҰЛЫ

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале