ҚР Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды
24 Қаңтар 2022

ҚР Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды

Қазақстандықтар жарылғыш зарттар мен оқ-дәрі тауып алған жағдайда не істеуі тиіс
24 Қаңтар 2022

Қазақстандықтар жарылғыш зарттар мен оқ-дәрі тауып алған жағдайда не істеуі тиіс

Қазақстанда азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу науқаны өтуде
24 Қаңтар 2022

Қазақстанда азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу науқаны өтуде

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің саны 50% қысқартылатын болды
24 Қаңтар 2022

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің саны 50% қысқартылатын болды

Батыс Қазақстан облысында 35 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті
24 Қаңтар 2022

Батыс Қазақстан облысында 35 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

Сауд Арабиясында баллистикалық зымыран атылды
24 Қаңтар 2022

Сауд Арабиясында баллистикалық зымыран атылды

100 мың теңгеден астам қаражат жинап берді

Облыс орталығы маңындағы Мичурин ауылы думанға бөленіп, жастар жағы ұмытылмас шоу-концерттің куәсі болды. Жаңа заманға сай ән айтылып, би ұсынылған ерекше концертті көпшілікке аймақтық «Жаstar» жобасының өнерпаздары ұсынды.

IMG-20211201-WA0045

Өңіріміз бен көршілес Ақтөбе және Атырау облыстарынан келген талантты жастардың басын бәйтеректік өнерпаз, Құрманғазы атындағы саз колледжінің 4-курс студенті Нұрдәулет Ғайнуллин біріктірді.

Өзге концерттерден өзінің драйвы және қайталанбас стилімен ерекшеленген шоу ауыр дертке шалдыққан Фатима Асқардың еміне қаражат жинау мақсатында оздырылды. Оған аудан, қала жастары мен өнерсүйер ағайын, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Жанар Губашева, аудандық мәслихат депутаты Ұлданай Сейітқалиева және Фатима қарындасымыздың әкесі Қанат Құспанов келді.

IMG-20211201-WA0041

Концерт барысында жастар көпшілікке сұранысқа ие әндерді орындап, әдемі әзіл және қайталанбас би ұсынды. Әдемі әнге еліте билеп, бишілердің әр қимылына толассыз қол соққан көрермен тәуелсіз елдің еркін өскен ұландары мен қылықты қыздарының өнеріне лайықты бағасын берді.

IMG-20211201-WA0051

Қызықты концерт барысында аудандық мәслихат депутаты Ұлданай Сейітқалиева ауыл кешіне сән берген жоба әртістеріне ризашылығын білдірсе, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Фатима атты қызымыз жазылып, ортамызға тез оралсын деген ақжарма тілегін жеткізді.

IMG-20211201-WA0050

-Жастарымыздың жүрегі мейірімге, жаны өнерге толы екеніне көзіміз жетті. Қазіргі заман жастарының сұранысына ие кеш ұсынған Нұрдәулет бауырымыз бен оның жобасын қолдап, концертін өткізуге сеп болған барша достары мен өнерпаздарға алғысымызды білдіреміз. Келесі концертімізді Фатиманың жазылып, ортамызға оралған кезде ұсынуға жазсын,-деді өз сөзінде аудандық жстармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Жанар Губашева.

IMG-20211201-WA0039

Сонымен қатар сөз алған Фатиманың әкесі Қанат Құспанов жанұясының қайғысына немқұрайлық танытпай, қолдауын ұсынған жастарға, Мичурин аулдық клубының ұжымына алғысын білдірді.

-Балаң ауырса, жаның да ауырады екен. Қолыңнан келер шара жоқ-ау деген шақтарда қолтығымыздан демеп, қолдауын көрсеткен волонтерлар мен өнерпаздарға әкелік алғысымды білдіремін. Бүлдіршіндер ауырмасын,- деді Қанат Құспанов өз сөзінде.

Тамаша концерт соңында ел болып жиналған 100 мыңнан астам қаржы Фатима Асқар қызымыздың әкесі Қанат бауырымызға табысталды.

IMG-20211201-WA0043

-Біздің қолымыздан келетіні – осылай қолдау таныту. Өнерімізді тек өз пайдамыз үшін ғана емес, ел пайдасына ұсынғымыз келді. Сол үшін де жаңаша жоба аштық.

Болашақта аудан ауылдары мен облысымыздың барлық аудандарында қайырымдылық концертін ұсынсақ деген жоспарымыз бар,-деді шара соңында концерт ұйымдастырушысы Нұрдәулет Ғайнуллин.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале