2.07.2021, 12:13
Оқылды: 86

"100% вакцина алған ұжым"

Нұртілеу Болат, Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы:

09B142B9-4B65-43F0-A827-536BCF29BDD5

-Коронавирус індеті бойынша Батыс Қазақстан облысы бүгінгі күні "қызыл" аймақта тұрмыз. Сондай-ақ аурудың қоршаған ортаға бейімделген "үнді штамы" деген түрі шығып,  әлемдік қауымдастықты әбігерге салып тұр. Пандемияның құрығына шалынбас үшін Сырым аудандық жастармен жұмыс орталығының мамандары 100 пайыз  "COVID-19" жаңа коронавирустық жұқпаның алдын алуға арналған  ресейлік құрамдастырылған векторлық «Спутник V» вакцинасын алды. Бір-екі күн өздерін қолайсыздау сезінгендерімен артынан ауруға қарсы иммунитет қалыптасқаннан кейін жақсы көңіл күй орнықты. Бұл жағдай күнделікті жұмысымызды алаңсыз атқаруымызға қолайлы болды. Екпе алмай жүрген аудан жастарын денсаулықтарына немқұрайлы қарамай, ұжымдастар мен ағайын, тума-туыс, дос-жарандары ортасында өздеріне сенімді жүруі үшін вакцина алуға шақырамын.

"Сырым елі"

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале