Аудан чемпионаты өз мәресіне жетті
16 Қазан 2021

Аудан чемпионаты өз мәресіне жетті

1991 жылғы түлектер тарту жасады
15 Қазан 2021

1991 жылғы түлектер тарту жасады

Pfizer екпесі ревакцинация кезінде қолжетімді бола ма?
15 Қазан 2021

Pfizer екпесі ревакцинация кезінде қолжетімді бола ма?

Бәйтеректе футзалдан ашық турнир өтті
15 Қазан 2021

Бәйтеректе футзалдан ашық турнир өтті

Өнер фестивалі өтті
15 Қазан 2021

Өнер фестивалі өтті

Шыңғырлау ауданында жастарды қолдауға арналған кеңес отырысы өтті
15 Қазан 2021

Шыңғырлау ауданында жастарды қолдауға арналған кеңес отырысы өтті

17.03.2017, 20:12
Оқылды: 16
Теректі ауданында 6 округке дербес бюджет енгізіледі

Screenshot_2017-03-17-21-12-41-1Теректі ауданының Достық үйінде ірі ауылдық округтерде төрт деңгейлік бюджет және мемлекеттік сатып алулар рәсімін жүргізу тақырыбына семинар-кеңес өтті.


 

Оның жұмысына облыс әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Алтай Құлқаев, БҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік аудиторы Асылбек Арыстанов, облыстық мемлекеттік сатып алулар басқармасының бас маман-заңгері Илдар Гайнутдинов, облыстық қаржы басқармасының коммуналдық меншікті басқару бөлімінің басшысы Жеңіс Нығметоллин және аудан әкімі Мұрат Мұқаев, оның орынбасарлары қатысты. Ауылдық округ әкімдері мен бас мамандар, аудандық бөлім басшылары да осы жиынға тартылды.
Семинар-кеңес барысында жергілікті өзін-өзі басқару меншігін басқару, дербес бюджеттерін жоспарлау және бекіту мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару концепциясын бекіту туралы» Жарлығына сай, Үкімет 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғындарының саны 2000 адамнан астам ауылдық округтерде дербес бюджет енгізуді жоспарлап отыр. Бұл санатқа Теректі ауданы бойынша алты округ: Федоров, Подстепное, Ақжайық, Шаған, Ақсуат, Шағатай әкімшілік бірліктері жатады екен.

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале