27.03.2017, 13:15
Оқылды: 64

Сайқын ауылынан бомба табылды

orda bomba    24 наурызда Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылында Құсайынов көшесі 47-үйдің аумағынан бомба табылды. Соғыстан қалған жарылғыш затқа үй иесі су құбырын қазып жатқан кезде тап болып, дереу тиісті органға хабар берген.


   Бүгінде тәртіп сақшылары аумақты толық қоршауға алып, ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін сақтау мақсатында күзет қойды. Арнайы сараптама тағайындалып, құзырлы орган өкілдері мән-жайды анықтап жатыр.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале