9.08.2026, 22:00
Оқылды: 2

Абай күніне арналған поэзия кеші өтті

Бәйтерек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде Абай күніне орай «Жырмен жаным жылынады» атты поэзия кеші өтті.

image-09-08-26-10-02-2

Ұлы ойшылдың 181 жылдығына арналған рухани шараның шымылдығын Переметный ауылдық округінің әкімі Данияр Көшібаев ашып, қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады.

image-09-08-26-10-02-7

​Кеш бағдарламасы үш негізгі бағытта ұйымдастырылды. Поэзия бөлімінде ақынның философиялық өлеңдері мен қара сөздері мәнерлеп оқылып, кітапханашылар Фарида Азбантаева мен Айнагүл Оразғалиева өздерінің арнау өлеңдерін ұсынды. Музыкалық бөлімде дәстүрлі әнші Аслан Ғизатов «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқаса, Қайырбек Қажғалиев «Көзімнің қарасы» туындысын саксофонда орындап, кештің көркін ашты. Сонымен қатар шара аясында «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты кітап көрмесі мен «Егер мен Абай болсам...» интерактивті бұрышы ұйымдастырылып, оқырмандар заманауи көзқарас тұрғысынан ақын идеялары бойынша ой бөлісті.

Сәнім Берік, 

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале