9.01.2020, 15:54
Оқылды: 85

Абайды тану - адамның өзін-өзі тануы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көрді.

qaztalov

Бұл мақала былтырғы жылдың жалғасы, биылғы жылдың беташары іспетті.

Себебі Елбасымыздың "Рухани жаңғыру" мақаласы жарық көргелі қазақ руханиятына пір болған тұлғаларды түгендей бастады. Жоғалғанын тауып, өшкенін қайта жаңғыртты. Сол тұлғалардың басында Абай Құнанбайұлы да тұр еді. Абай мұрасын дәріптей отырып, әлемдік өркениеттен хабары бар, жан-жақты тұлға қалыптастыру мақсаты тұрғандай сезіледі. Абайдың көзқарасындағы "Толық адам" ұғымы да бүгінгі көзқараспен үндесіп, жалғасын тапты.

Осы орайда мақалада Президент: "Сондықтан Абайды терең тануға баса мән бергеніміз жөн. Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы. Осыған орай, Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы қажет", - деген болатын. Ал ұлағатты ұрпақты тәрбиелеудің басында ұстаздар тұрғаны анық. Мақала аясында білім беруге де аса мән беріліп, "Ұстаздың"мәртебесі туралы тұшымды ой айтылған.

Осы мақаладағы ойларды ұстаз ретінде қолдай отырып, Абай шығармашылығын насихаттауға күш-жігерімізді салып,белсенділік танытуға шақырамын.

Абзал Серікқалиұлы

Казталов мектебінің ұстазы

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале