16.11.2021, 17:20
Оқылды: 65

Әбіш ауылында футбол алаңы ашылды

Бүгін Казталов ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Әбіш елді мекенінде жаңадан бой көтерген футбол алаңы пайдалануға берілді. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында ауыл балаларына тарту етілген футбол алаңының ашылу салтанатында аудан әкімі Альберт Есалиев сөз сөйледі.

FF916BBE-2AEC-440D-9ECC-11B8CBD1E087

-Егемендік алғалы еліміз талай қиын кезеңдерді еңсеріп, отыз жылда әлем жұрты мойындаған мемлекетке айналды. Осы жылдар аралығында үлкен қалаларды айтпағанда, елдегі көптеген шағын ауылдарда заманауи спорттық нысандар бой көтерді. Бүгінгі Әбіш ауылындағы футбол алаңының салтанатпен ашылуы да бұл сөзіміздің дәлелі, - деді аудан басшысы. Ол ауыл халқын атаулы мерекелі күнмен шын жүректен құттықтап, ауыл балаларының игілігіне пайдалануға беріп, атаулы нысанды мерзімінде тапсырған мердігерлерге ауыл тұрғындары атынан ризашылығын білдірді.

FA537C0C-7A93-45DC-AC53-BBDE84CD031D
Негізінен құрылысы аяқталып, пайдалануға беріліп тұрған футбол алаңы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша жүзеге асқан құрылыс нысаны. Сондықтан да бүгін ауыл халқының көңіл күйі көтеріліп, рухы да асқақтап тұр. Шара барысында сөз алған ауыл тұрғыны Амантай Әмірешев спорт нысанын салуға ықпал еткен жергілікті басшылар мен оны жүзеге асырған құрылысшыларға тұрғындар атынан ағалық алғысын білдірсе, әнші Мәрлен Неғметов көпшілікке арнап «Мәңгілік ел» әнін тарту етті.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале