25.05.2023, 17:30
Оқылды: 23

«Абзал ағалар» кубогі сарапқа салынды

Бәйтерек ауданының Мичурин ауылында «Абзал ағалар» клубының кубогі үшін ардагерлер арасында шахматтан жарыс өтті.

IMG-20230525-WA0043

Мичурин ауылдық клубы ұйымдастырған сайыста Трекин, Красноармейск, Достық және Асан ауылдарының шахматшылары бақ сынады. Ойын қорытындысында трекиндіктер жақсы өнер көрсетті. Бас жүлдені Ержан Бақаев алса, Ерсайын Қайыпқалиев бірінші орын, Шайхы Бертілеуовке екінші орын берілді. Ал Красноармейск ауылынан келген Болат Бисенғалиевқа үшінші орын бұйырды. Жалпы барлық қатысушыға арнайы диплом мен сыйлықтар берілді. Сондай-ақ, жарыста бас төреші болған Мичурин ауылының тұрғыны, өткен жылы Трекин ауылында ардагерлер арасында өткен шахмат ойынының бас жүлдегері Тайыр Жұмабаевқа да округі әкімі атынан алғыс хат пен естелік сыйлық табысталды.

Аталмыш шараның өтуіне демеушілік жасаған аудандық мәслихат депутаттары Қуаныш Мырзағалиев пен Бекболат Шканов марапаттау рәсімінде тілектерін білдірді.

IMG-20230525-WA0042

Тартысты өткен шахмат ойыны әуезді ән кешімен жалғасты. Орал қаласынан келген «Ағалар әуені» вокалдық тобы халық арасында танымал болған әсем әндерді шырқап, «Бабалар үні» домбырашылар оркестрі Құрманғазы мен Динаның күйлерін орындап, көрермен қошеметіне бөленді.

Концерт соңында Мичурин ауылдық округі әкімінің орынбасары Зейнолла Қалиев шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған клуб ұжымына ризашылығын білдіріп, округ әкімінің алғыс хатын табыстады.

 

Аягөз Бейсова,

Мичурин ауылдық

клубының ұйымдастырушысы

Бәйтерек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале