18.03.2021, 8:50
Оқылды: 72

 Айшаның суреті журналдың мұқабасына шықты

 "Jaiyg Fashion Timе" журналы Айша Есмагулованың суретін мұқабасына жариялапты. Журналда Айшаның балдай тәтті тілімен айтқан сөздері өзгеріссіз берілген.

B7B56819-1600-4BC2-AF80-2B60546803A4

    "Айша мықты, батыл, жүрегі өмірге деген сүйіспеншілікке толы мейірімді қыз. Үш жасында ол тоғыз отадан өтті. Бәрінен бұрын Айша дені сау болғанын қалайды. Оның сүйікті түсі – қызғылт, сүйікті мультфильмі –Эльза. Болашақта Айша дәрігер немесе модель болғысы келеді. Ол билегенді, қуыршақтармен ойнағанды және София жайындағы мультфильм қарағанды жақсы көреді. Айшаның сүйікті тәттісі – "Вупипай" торты" деп жазады "Jaiyg Fashion Timе".

DF1F6B74-D407-430F-B28E-E5569391E284

    Айта кетейік, Айшаның анасы Сымбат Жұмабаеваның Каспий голд есепшотына аудандағы мекемелер қаржы аударуды жалғастыруда. Сырым ауданы әкімінің аппараты 60 мың, балалар саз мектебі 26 мың, Сырым лицейінің оқушылары 10 мың, Аралтөбе ауылдық округінің әкімі аппараты 8 мың, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы 18 мың, Қызылағаш негізгі мектебі 26 мың, Сырым мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 200 мың, Жас туристер станциясы 52 мың теңге аударды.

5BC1131E-695F-4222-9728-CEB5E5C11602

8C1ADDAE-0253-4E75-A03E-2F3EA31F5060

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале