(Ақын Хангерейді іздеу. Екінші сапар)
Мәтжан Тілеужанов – ғалым, әдебиет зерттеушісі. Туған жері - Ақтөбенің Ойылы. Бірақ бала күнінде Қаратөбеге көшіп, мектепті сол жақта оқыған. Орал педагогикалық институтына қабылданып, кейін өзі де жерде сабақ берді. Қазақстан Ғылым академиясының аспирантурасында білім алды, әрі қарай доцент, доктор, әрине профессор атанды. Қазақ әдебиеті ғылымының тіреу қабырғасына айналған Мәтжан Тілеужановтың көңіл жарығы Жымпиты өңіріне көбірек түскен бе деп қаласың.
Мысалы, ол - Сырым батырдың әдеби мұраларын игерген алғашқы «кеншілердің» бірі. Бәлкім бірегейі. Фольклористің «Сырым сабағы» еңбегі – Сырымтанудың әліппесі іспеттес. Мәтжан Тілеужанов 1996 жылы «Рауан» баспасынан шыққан «Халық тағылымы» кітабында:
Сырымды «Қазақ әдебиетінің классигі» дегендердің алғашқысы Сәбит Мұқанов еді. Содан кейін, 1941 жылы «Дөң асқан» романында Ғ. Сланов еске алды: «Ұшқан құс та, аққан су да, шулаған тоғай да, бүкіл Тайсойған мен Бүйректі құмдары да Сы – рым! Сы – рым! – деп күңіренеді, жоқтайды, соған енді кім қожалық етеді деп мұңаяды» - деді. Ол кезде Сырым туралы бұдан артық айтуға мүмкіндік жоқ еді. Сырым туралы алғаш тарихи дастан жазған жерлесіміз Жәрдем Тілеков еді, ол дастан 1946 жылы «Әдебиет және искуство» журналының 1 – 3 сандарында жарияланғаны болмаса, көп ештеңе айтпадық. Тек сол дастан ел арасында қолжазбаға айналып, ұмытылмады.» - дейді.
Жәрдем Тілековтың дастанын жинақтап, «Дала кемеңгері немесе Сырым туралы сыр» деген атпен баспаға берген Мәтжан Тілеужановтың өзі – тұғын.
Тілеужанов «тірілткен» тағы бір көрнекті тұлға – Хангерей ақын.
Ғалым «Ел әдебиеті» кітабында:
Ақыны болу халқымның,
Ақындық жолды қуғанмын,
Осы жолды ұстауға,
Белді бекем буғанмын.
Халық алдында аз өнері туралы хабар бере отырып, кейінгі термешілер де өздерінен бұрынғы термешілік дәстүрді берік ұстайды. Халықтық дәстүрден таймау, соған берік болудың өзі прогресшіл екені даусыз.
Термеші – жыршылардың сан ғасырлық дәстүрін жалғастырып, бүкіл Батыс өлкесіне атағы жайылған , жоғарыда сөз болған Хангерей Наурызалин былай деп толғанады:
Атақты ақындардың жақынымын.
Он алты, он жетіге жасым жетті,
Толысар мезгілі еді ақылымның.
Бұл тексті ұзағырақ алуымыздың себебі – халықтық өнерге деген дәстүрлі көзқарастың үзілмей ұрпақтан – ұрпаққа ұласып отыратындығын дәлелдеу болса, екіншіден, сол дүниетаным мен көзқарас қалыптастырған фольклорлық әдіс деген теориялық ұғымға мүмкіншілігінше барлау жасау еді.» - деп шиырады.
Хангерейдің «Тоқсобамын...» - дегеніне қарап оны бір рудың ғана атынан сөйлеген ақынға жатқызуға болмайды. Хангерейді Мәтжан ғалым былай ақтайды:
Хангерейді – Шернияз бен Жамбылдың дәуірін жалғаушы дегені де биік баға. Хангерейдің нақты туған жылы мен өлген уағы белгісіз. Бірақ, пайымдауымызға 1850 – 1910 жылдар аралығында өмір сүрген. Тілеужановтың «Шернияз бен Жамбыл арасы» дегені ойымызды құптай түседі.
ҚР Мәдениет Министрлігі, Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан мәдениеті институтында М. Тілеужанов М. Ержанов даярлаған «Термелер» жинағында (Орал, 1993)
Хангерейдің азды – көпті әдеби мұрасын жинақтап, көркемдігі күміске сызған жазудай жырларды зерттеп, кітап қылып бастыру – біздің мойындағы міндет. Ал, жыр – толғауларын бүгінгі термеші, әнші – орындаушылардың репетуарына қосу – сауапты іс болар еді.
Жымпиты, Орал базары,
Ар жағында Орынбор,
Базар құрған өлеңмен,
Мұхамбет Әлі, Қуаныш,
Атақты екі серім бар! – деген Хангерейдің үні жаңа ұрпақтың ауызынан жаңғыруға лайық.
Профессор Мәтжан Мақсымұлының еңбектерін М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті ғылыми кітапханасының гуманитарлық ғылымдар оқу залынан алғанымызды айта кетейік.
Бауыржан Ширмединұлы,
журналист,
Сырым ауданы
Мақаланы толығырақ «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінінен оқи аласыздар