27.12.2018, 12:11
Оқылды: 16

Әкім балғындар ортасында

Бүлдіршіндер жүрегіне керемет жылу сыйлайтын дәстүрлі әкім шыршасы Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында өтті. Оған аудан бойынша 49 оқушы қатысты.

tasqala jana jyl (2)

Қызылды-жасылды киінген балақайлар бірі қоян, бірі ит, қасқыр, түлкі сынды жануарлар киімін кисе, енді бірі ұлттық костюмдерімен мереке сәнін келтірді. Елбасы Н.Назарбаевтың балаларға арналған құттықтауы тыңдалып, аудан әкімі Алдияр Халелов сиқырлы таяқшамен шырша шамын жақты.

Ізгі тілегін білдірген аудан басшысы өнерлі шәкірттерге өз сыйлығын тарту етті. Одан әрі шырайлы кеш әсем ән мен көңілді кешке ұласты. Кеш иелері Аяз ата мен ақша қар сыйлығынан да құр қалмады.

Тұрсын Тек,

Тасқала ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале