7.09.2018, 10:46
Оқылды: 94

Ақсайда асық атудан жарыс өтті

Ақсайда ардагерлер арасында ұлттық ойын - асық атудан жарыс өтті.

ASYQ ATU

            Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Ақсай жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген шараға ауылдық окургтерден 20-ға жуық ардагер қатысты.

            Дәлдік пен қырағылықты талап ететін ойын тартысты өтті. Асық атуға өздерімен бірге немерелерін жетелей келген ақсақалдар да болды. Осылайша олар 1 метр қашықтықтан көздеп атудан үлкендер бір алаң, балалар бір алаң болып бақ сынасты.

            -Осындай шараларды жиі ұйымдастырып, жастарға үлгі болсақ, ұлттық құндылығымызды дәріптеуге қосқан бір үлесіміз болар еді, – дейді қоғамдық келісім төрайымы Бақытгүл Оқаева.

            Сақаларын сайлап келгендердің арасынан мергендер анықталды. Ардагерлер арасынан мергендігімен алға шығып, І орынды қанжығалаған Ралиев Есенгелді ақсақал болса, Есенқұл Күшекбаев ІІ, Салихов Самиғолла ІІІ орынға ие болды.

            Асық ойнауға құмартып келген балалар арасында Бексұлтан Нығметжан жүлдені жеңіп алды. Ринат  Қарақұлов ІІ, Темірлан Үмбетәлиев ІІІ орын алды. Арнайы сыйлық, алғыс хаттармен марапатталды.

Сәнім МЕҢДІБАЙ,

Бөрлі ауданы  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале