14.02.2022, 18:26
Оқылды: 101

Ақсуат ауылында балабақша салынбақ

Теректі ауданының әкімі Тілек Габдушевтің ел алдындағы есептік кездесуі бүгін Ақсуат ауылдық округінде тәмәмдалды. Жүздесу барысында ауылдың хал-жағдайымен танысып һәм өзі де ауданның тыныс-тіршілігімен жалпақ жұртшылықты құлақтандырды.

WhatsApp Image 2022-02-14 at 19.19.39 (2)

Айта кетейік бұл округтің құрамында Ақсуат, Пойма, Магистральный және Әйтиев сықылды төрт елді мекен бар. Халық саны – 2 917. Жылдық бюджеті өткен жылы 43 678,0 мың теңгені құраған. Жалпы округ бойынша 5 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 11 шаруа қожалық орналасқан. Ірі қара саны – 1396, қой мен ешкі – 3184, жылқы – 160, шошқа – 26, құс – 3568. «Еңбек» бағдарламасы аясында өткен жылы округ бойынша 12 адам қайтарымсыз грантқа ие болып, кәсіптерін дөңгелетуде.

- Қол жеткен нәтижелерге қарамастан, осы бағыттағы жұмыстарды әлі де күшейту қажет деп есептеймін, яғни округте қосымша жұмыс орындарын құру бойынша тың жоспарларымыз бар. Мысалы, қазіргі уақытта Әйтиев ауылы аумағында «BroikasUralsk» ЖШС жылыжай кешенінің құрылысын жүргізуде. Құрылыс кезінде жергілікті 38 тұрғынды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Осы жылы жеке кәсіпкер «Рубцов А.А» Пойма ауылы аумағында көкөніс өнімдерін өсіру және қайта өңдеу бойынша агрокешен салу, ЖК «Тұлпар» мемлекеттік жекеменшік серіктестік арқылы Ақсуат ауылына балабақша салу жоспарда бар. Сонымен қатар Ақсуат ауылында ЖК «Гумирова» дүкен-шағын наубайхана құрылысын бастады, инвестиция көлемі 15 млн теңге жеке қаражат. Жоба жыл аяғына дейін аяқталмақ, – деді округ әкімі Жаннұр Ахметов. Сондай-ақ, алдағы уақытта атқарылуға тиіс бірақатар шаруаларды да жіпке тізді.

WhatsApp Image 2022-02-14 at 19.19.39 (1)

Кездесу барысында Пойма ауылына жаңа мектеп құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықтағы мал бағымына жайылым жерлерінің жетіспеушілігі , Әйтиев ауылында жаңадан салынған тұрғын үйлерді электр жүйесіне қосу, Магистральный ауылына мектеп қажеттілігіне (бөлек) спорт зал салу,   «Орал – Ақсай» тас жолынан Магистральный ауылына дейінгі  1,8 шақырым  кірме жолды күрделі жөндеуден өткізу,  таза ауыз сумен қамту мәселелері де назардан тыс қалмады.

WhatsApp Image 2022-02-14 at 19.19.39

Самал Жамет,

Теректі ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале