17.09.2021, 10:40
Оқылды: 64

Ақын мұрасы ұлықталды

Бәйтерек ауданы Дариян модельді ауылдық балалар кітапханасы жерлес ақын Жұбан Молдағалиевтің туған күніне арналған "Жұбан деп жырлайды жүрегіміз" атты ақпараттық сағатын ұйымдастырды.

 1

Шара барысында ақынның шығармашылығы мен өмірі, өлеңдеріндегі туған өлке, адам тағдырының түрлі аспектілері, олардың тағдырын бейнелеуге деген ұмтылысы, сонымен қатар Оралдың өңірі табиғатының әсемдігі мен ұлылығын жырлаған шумақтар оқылды.

Ауылдағы балалар кітапханасының кітапханашысы Мақсот Дәулет Жұбан ақынның шығармашылығы, оның өшпес мұрасы, қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі туралы баяндап берді.

Одан бөлек "Жұбан" кітап көрмесі, Орал өңірінің ұлы ақынының өмірі мен шығармашылығы туралы "Қазақ халқының біртуар ұлы" атты бейнеролик көрсетілді.

Кездесу соңында Дариян модельді балалар кітапханасы оқырмандары арасында Жұбан Молдағалиевтің шығармаларына арналған челленджге старт берілді. Орал өңірі өзінің жерлес ақынымен мақтанады.

 

Мақсот Дәулет,

Дариян модельді ауылдық

балалар кітапханасының кітапханашысы

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале