1.12.2022, 23:49
Оқылды: 39

Ақындар ұмытылмайды

Таяуда Қайнар, Атамекен және Белес ауылдық кітапханашыларының ұйымдастыруымен "Ақжайық даласының ақындары" атты поэзиялық кеш Белес ауылдық кітапханасында оздырылды.

IMG-20221201-WA0042

Іс-шара жерлес ақындардың асыл мұрасын оқырмандар арасында насихаттау, олардың қанатты сөздерін таныстыра отырып, поэзияға деген құштарлықты арттыруды мақсат тұтты.

Кешті ашқан ауыл әкімі Бақтыгүл Жүнісова қаламгерлердің қоғамдағы орны, олардың шығармаларын насихаттау бағытында атқарылып жатқан іс-шара турасында айтып өтті.

Содан соң жиналғандар жерлес ақындарымыз Жұбан Молдағалиевтің, Қадыр Мырза Әлі, Ақұштап Бақтыгерееваның өмірбаяндарымен және шығармаларымен танысты.

Жүргізушілер К.Хасенова, Р.Досмұханбетова, Д.Табылдиева "Жұбанын әлдилейді Ақжайығы", "Қазақтың дана Қадыры", "Ақжайықтың ақ шағаласы" атты кітап көрмелеріне шолу жасап, слайд-презентацияларын көрсетті.

Кеш соңында А.Өтеген, Н.Исмағұл, А.Ибрагим, А.Әдиет сықылды ауылдық кітапхана оқырмандары ақындарымыздың өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.

Т.Ағысова,
Белес ауылдық кітапханасының оқырманы Бәйтерек ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале