30.09.2022, 23:34
Оқылды: 67

Ақынын ардақтаған Ақжайық

Ел, ұрпақ мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ерген інілеріне ізетін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз болатын қариялардың орны ерекше! Мереке қарсаңында  Ақжайық ауылдық округ әкімінің қолдауымен мәдениет үйінде халықаралық қариялар күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел озар» атты мерекелік кездесу кеші өтті. 

IMG-20220930-WA0145

Кештің қадірлі мейманы— «Өлеңім өткен өмір белестері» деп жырлаған  ақын Сатқан  Ахметжанов.

Алғаш болып дария көңіл, қазыналы қарттар мен ақ жаулықты әжелерді құттықтау үшін Ақжайық ауылдық округ әкімі Болат Қадырғалиев пен Ақжайық ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Мақсот Меңдешұлы сөз алды.

ак

Мерекелік кездесуде ақын Сатқан Баймұханұлының өлеңдерін кітапханашы А. Жасанова, Ақжайық ЖОББМ оқушылары Д. Еркінова, А. Сұңғат нақышына келтіре оқыса, өнерпаздар ән шырқады.

Ал Сатқан ақын  ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, қонақ кәде ретінде домбырамен күмбірлете термені төкпелей жөнелді.

Жиын соңында  кеш қонағының иығына  шапан жабылып, құрмет көрсетілді. Мереке күніне арнап округ әкімі атынан ауыл қарияларына алғыс хат табысталды.

 

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале