29.10.2026, 17:35
Оқылды: 36

Ақжайық ауданында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері марапатталды

Аудандық мәдени-демалыс орталығында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Сала ардагерлері мен қызметкерлері бас қосқан мерекелік жиын олардың еңбегіне арналған бейнебаянмен ашылды.

IMG_0041

Аудан әкімінің орынбасары Бейімбет Гиззатов сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Жиында әлеуметтік қолдау көрсету, жұмыспен қамту, отбасыларға көмек беру бағытында еңбек етіп жүрген қызметкерлерге түрлі деңгейдегі марапаттар табысталды.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатына аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» орталығының әлеуметтік қызметкері Мейрамгул Хамзина мен бөлімнің бас маманы Айзада Агедилова ие болды. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының Алғыс хатымен әлеуметтік қызметкерлер Гүлбар Байзуллина, Балғаным Қадешова, Айгүл Шугаипова, «Мансап» орталығының ассистенті Гүлмира Султангалиева марапатталды. Сондай-ақ бұл марапат Ақжайық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының психологы Дания Шукуловаға, бақылау жөніндегі санитары Әлібек Джубандыковке және Отбасын қолдау орталығының директоры Шолпан Досалиеваға табысталды.

Бірқатар қызметкерге облыстық еңбек мобильділігі орталығы директорының алғыс хаты, ҚР кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен, «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподағының Құрмет грамоталары, аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

Салтанат мерекелік концертке ұласты. Үлгілі «Сымбат» би ансамблі, Ақжайық балалар саз мектебінің өнерпаздары, «Рух» тобы және әншілер көпшілікке өнерлерін ұсынды.

Рақым Берікқали,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале