5.03.2019, 15:17
Оқылды: 32

 Ақжайықта екі кісі тонау оқиғасы ашылды

Ақжайық ауданында 28 ақпан мен 6 наурыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

20190305_145515

Осы іс-шараға Ақжайық ауданы полициясынан 22 қызметкер, 8 автокөлік жұмылдырылды. Шара кезінде бұрын ашылмай тұрған 2 қылмыс, яғни аудан орталығында кісі тонау оқиғасы ашылып, тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша 7 адамға әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жолданған.

- Қоғамдық орындарда масаң күйінде жүргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша 13 адамға әкімшілік хаттама толтырылды. Тағы 13 адамға Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша, көлік жүргізген кезде екі адамға телефонды пайдаланғаны үшін (ӘҚБтК-нің 591-бабы), 3 азаматқа көлікпен жүру жылдамдығын арттырғаны (ӘҚБтК-нің 592-бабы)үшін, көлік құралын ішімдік ішкен күйінде жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша 1 адамға әкімшілік хаттама толтырылды,- дейді Ақжайық АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің басшысы, полиция капитаны Бейімбет Ермеков.

Бекем Бекұлы,

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале