7.11.2018, 18:13
Оқылды: 22

Ақжайықтық бүлдіршіндер халықаралық байқаудың жүлдегері атанды

Орал шаһарында Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен балалар, жастар және ересектер арасындағы көп жанрлық шығармашылық халықаралық фестиваль конкурсы өтті.

????????????????????????????????????

         Ақжайық ауданы атынан Чапаевтағы «Аяна» жеке балабақшасының бүлдіршіндері осы мекеменің директоры Жанар Бердалиева мен көркемдік жетекшісі Маргарита Лагунның жетекшілігімен қатысты.

         Тәрбиеленушілер Айша Сәжден, Альфия Есмұқашева, Жанарыс Батырқали және Мерхат Баймурзин би аталымы бойынша І орын иеленді.        Тағы бір жетістік сол, Мерхат ән аталымы бойынша ІІ орын алды.

Рақым ЕСЕН,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале