25.12.2019, 18:17
Оқылды: 86

Алтын той иелерін құттықтады

Бүгін 25 желтоқсан күні Бәйтерек ауданының Переметный ауылдық округінің әкімі Бекзат Бадақов алтын той иелері Абдушевтар, Әлмұхановтар және Төлегеновтер отбасымен кездесті.

baiterek (2)

- Отбасылық өмірге қадам басқан жартығасырлық мерекелеріңіз құтты болсын! Әрқайсысыңыз абыройлы қызмет атқарып, елдің дамуы жолында сүбелі үлес қостыңыздар. Талай қиындықты артта қалдырып, бүгінде немере-жиен қызығын бөленудесіздер. Сіздердің еңбек және өмір жолдарыңыз кейінгі өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Отбасын құрған әр жас жанұяларға сіздер секілді алтын той тойлауға нәсіп етсін! - деді ауылдық округ әкімі Бекзат Ғаппарұлы.

baiterek (3)

Бұдан соң әр әулет иелері бастарынан кешкен қиын да қызықты шақтардағы естеліктерін айтты.

Шара барысында аудандық орталық кітапханалар жүйесінің басшысы Жеңісгүл Жаңабаеваның және ауылдық округ әкімінің алғыс хаттары мен тарту-таралғылары табыс етілді. Сондай-ақ округ әкімі Б.Бадақов Абдушевтар отбасының немересі Елнұрға да сый-сыяпат жасады.

baiterek (4)

Шаңырақ құрғандарына жарты ғасыр толған отбасы иелері мұндай шараға ризашылықтарын білдірді.

Шара соңында алтын той иелері аудандық мәдениет үйінің әншілері Николай Новеньков пен Асылан Ғизатовтың орындауындағы «Қайықта» әніне вальс биледі.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале