5.08.2021, 11:19
Оқылды: 43

«Алыптар қанат қаққан ұя»

Дәл осы тақырыпта Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылдық модульді кітапханасы мен модульді балалар кітапханасы Жәңгір хан мектебінің 180 жылдығы мен Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығынана орайластырып, библиокеш ұйымдастырды.

кітапхана

Шара әже (кітапханашы Айман Ғұмарова) мен  немере (Рената Дүйсенбай) арасындағы әдемі диалогпен өрбіп отырды.

Әжесі сонау 1841 жылы іргетасы қаланған тұңғыштар мектебінің 180 жылдық тағылымды тарихын таныстырып, есімдері алтын әріппен жазылған ұстаздарын бейнебаяннан көрсетті. Сонымен қатар сол мектепте директорлық қызмет атқарған аға ұрпақтың өнегелі өмір жолдарына тоқталып, түлеп ұшқан түлектердің ішінде биіктің биігін, шыңның шыңын бағындырған, бірі хәкім, бірі ғұлама болған шәкірттері туралы да сыр шертті.

Кеш барысында ағайынды Ғайса-Ғали  мен Айбатыр Сейтақтың, Сатыбалды Дауымовтың, Нұрболат Насыровтың  мектепке арнаған өлеңдері оқылып, ұстаздар Какима Қажипанова мен Рита Алмурзинаның «Орда мектебі» атты әнін аталмыш мектептің жас буыны Камилла Қайырболатова нақышына келтіріп орындап берді.

Ардагер-ұстаз Уасиля Мұқанғалиева өзінің өмір жолына тоқталып, қонақ кәдесін күймен ұсынса, кітапхананың тұрақты оқырманы Райса Төленғалиева тілегін айтып, осындай шараларда жас буынның да жетістіктері айтылса деген ой-пікірін білдірді.

Мектепті «Алтын белгімен» бітірген түлектердің бірі Гүлнәр Ғұбашеваның жүрекжарды тілегі, ұстаз Фарида Нұрғалиеваның, Полина Есқайратованың арнау өлеңдері онлайн тыңдалып, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директоры Айнагүл Батырханова  шараға қатысушыларға алғысын жеткізді.

Библиокеш Ажар Балабасованың орындауындағы Алтынбек Қоразбаевтың  «Қазақстан – елдің аты» әнімен  аяқталды.

                                Раушан Жүсіпқалиева,

ОКЖ әдіскері

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале