23.02.2023, 16:30
Оқылды: 29

Аналар шеруі өтті

Жуырда Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Ақ кимешек киелі" атты аналар шеруі өтті.

таскала (3)

 Оған аудан әкімі Бауыржан Айтмағамбетов, "Қазақ аналары - дәстүрге жол" қоғамдық бірлестігі, БҚО филиалының төрайымы, дәстүрлі әнші, сазгер Күләш Қуанышқалиева арнайы қатысты. Аталмыш шараның мақсаты ұрпақтар сабақтастығын жалғап, ұлттық дәстүрімізді дәріптеу, оны өскелең ұрпаққа насихаттау.

таскала (2)

- Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз ұлтымыздың қадір – қасиетін, ой – өрісін танытатын салт – дәстүрімізге, қазақтың мәртебесін көтеретін мұраларымызға құрметпен қарап, оларды қастерлеу барша қазақтың міндеті деп білемін. Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық тәрбиені сіңіруге бүгіннен бастап ат салысуымыз қажет. Мүмкіндік болса ұлттық киімдерімізді тек мерекелерде ғана емес, күнделікті өмірде де киіп жүруді әдетке айналдыруымыз керек, - деді шарада аудан әкімі Бауыржан Есқайырұлы.

таскала (1)

Одан әрі Күләш Қуанышқалиева ұлттық құндылықтарымызға тоқтала келіп, әжелеріміз қалдырып кеткен ақ кимешек пен ұлттық киімдерімізді дәріптеп оны насихаттап жүру керектігін айтты.

таскала (4)

-Тасқала жері нағыз қазақи дәстүрді насихаттап отыратын, киелі мекен десем артық болмас. Оған алдымызда кимешек киіп отырған асыл әжелеріміз дәлел. Бұл шара да алғаш рет Тасқала жерінде бастау алып отыр. Болашақта мұндай шараны басқа аудандарда да өткіземіз деп жоспарлап отырмыз, - деді ол.

Шараға жиналғандар барлық ауылдық округтердегі аналардың қолынан шыққан ұлттық нақыштағы көрмемен танысты. Соңынан мықты деген келіндер ортаға шығып сайысқа түсті.

Нәтижесінде II Шежін аулынан келген Жанар Даулеткалиева I орынға ие болса, II орын ояндық Жәнерке Таутеноваға, ал III орын Тоғайлы ауылынан келген Жанар Ғазизоваға бұйырды. Атамекен ауыланан келген Майра Бижанова "Көрермен көзайымы" аталымын жеңіп алды.

 

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале