5.04.2022, 16:00
Оқылды: 73

Әсем – ТМД-ның үздік студенті

Нұр-Сұлтан қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих факультетінің «Ғылыми тарих» мамандығында білім алып жатқан ІV курс студенті Әсем Дарханқызы Ұлықпанова Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері арасындағы жастар саясатының дамуына үлес қосқаны үшін «ТМД-ның үздік студенті» атанды.

339

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы және Үздік студенттер акадамиясының ұйымдастыруымен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының студенттері  арасында өткізілген «ТМД-ның үздік студенті» атты халықаралық байқауда топ жарып, І дәрежелі дипломға ие болып, жеңімпаз атанды. Дарындылар арасында дес бермеген Әсем  арнайы төсбелгі мен куәлікке ие болды.

38

Сырымдықтардың естерінде шығар, Әсем Ұлұқпанова 2018 жылы Қ.Мырзалиев атындағы орта мектепті «Алтын белгімен» аяқтаған болатын.

Айта кетейік, Әсем Дарханқызы бұған дейін де бірнеше мәрте студенттер арасындағы халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы атанып жүрді.

37

2021 жылы Елбасы Н.Назарбаев Қорының арнайы төсбелгісі мен шәкіртақысына ие болды. Білімпаз ару – ҚР Президенті стипендиясының да иегері. Өткен жылы «Жылдың үздік студенті» атты халықаралық байқауында жеңімпаз атанып, төсбелгімен марапатталды. Ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып жүрген Әсемнің ағылшын тіліндегі мақалалары жарық көрді.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале