21.10.2022, 11:46
Оқылды: 38

Әсерімен бөлісті

Таяуда кезектен тыс ХХІV партия съезі өткен болатын. Аталмыш сьезге делегат ретінде қатысқан Тасқала аудандық «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы Люция Жұбанышқалиева жастармен кездесу өткізіп, одан алған әсерімен бөлісті.

16

«Біріншіден, мемлекет алдында тұрған ұлы мақсат-мұраттарға қол жеткізу үшін лайықты көшбасшы, Президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты бірауыздан 1200-ден астам шақырылған қонақтар мен делегаттар қолдады. Екіншіден, партияның жаңа Саяси тұғырнамасы бекітілді. Жаңа Саяси платформа - бұл жалпыпартиялық құжат. Алдымен, қазақ тілінде дайындалған негізгі идеологиялық құжат дамудың басым бағыттары мен саяси бірлестіктің басты принциптерін көрсеткенін атап өткен жөн. Тұғырнаманың басты қағидасы - Адам, Қоғам және Мемлекет. Ондағы принциптер Президентіміздің саяси реформаларымен үндес. Партия алдағы қызметінде осы ұстанымдарды басшылыққа алатын болады. Шынымен де адам - мемлекеттің басты байлығы. Партия халық үшін құлақ асатын мемлекет қағидатын нақты ұстанады. Бұл ұстанымы құжатта да айқын көрсетілген. Съезден кейін еліміздің прогрессивті қоғамдық-саяси күштері Президенті қолдау мақсатында өткен коалиция форумына қатыстым. Жиында Мемлекет басшысы сөз алып, еліміздің саяси, әлеуметтік, құқықтық және басқа да маңызды жүйелерін түбегейлі жаңғырту үшін ауқымды реформа жүргізілгенін атап өтті. Бұл реформалар халықтың тұрмысын түзеуге, адам құқығын толық қорғауға, демократиялық үдерістерді жедел жүргізуге бағытталған. Бір сөзбен айтқанда, барлығы халық үшін жасалуда әрі мемлекеттілікті нығайтуға арналды», - деді аудандық «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы Люция Жұбанышқалиева.

Мемлекетіміз үшін өте маңызды алдағы үлкен саяси науқан кезектен тыс Президент сайлауына жастарды белсенді түрде қатысуға шақырды. Сонымен қатар аудандық филиал атқарушы хатшысы Мемлекет басшысының ұлтты ұйыстыратын жеті қағидасына тоқталып өтті.

Келесі кезекте сөз алған аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Аманғали Байғали жастарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды. «Расы керек, қазір жастарда ұйымшылдық төмен десе де болады. Бір шара ұйымдастырылса белсенділік таныта қоймайды. Әлде оған бос уақыты табылмайды. Қазір нақты жұмыс жасайтын кез. Алда үлкен сайлау науқаны келеді. Біз бірлігімізді көрсетіп, қимыл жасасақ алмайтын қамалымыз, аспайтын асуымыз жоқ!», - деді Аман Байғали.

Кездесу барысында жастар тарапынан сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.

Болат Бек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале