21.05.2023, 21:15
Оқылды: 95

Астанада «Ақ киіз» тарихи драмасының премьерасы өтті

Бүгін Астана қаласындағы «Музыкалық жас көрермен театрында» Жаһанша Досмұхамедовтың қайраткерлік ісін баяндайтын «Ақ киіз» тарихи драмасының премьерасы өтті.
4DD8AFF4-FA78-4B27-801A-CC9564EC2DB5
Жаһанша – Алаш үкіметінің көшбасшысы, Батыс бөлімінің төрағасы, прокурор, Әділет генералы. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы ұлттық-азаттық қозғалыстың басында оның есімі ерекше аталады.
Драманың авторы – сырымдық ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Бауыржан Ширмединұлы. Қоюшы режиссері – Алмат Шарипов. Жаһаншаның рөлін актер Сәндібек Өтеғалиев ойнады.
Қойылымда жұрт ісінің жолында бас кейіпкермен бірге Халел Досмұхамедов те жүреді. Тарихта аты бар Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, Салық бай, Қуанай Хазірет секілді тұлғалармен қатар, өмірде болған, бірақ кітаптарда дерегі жоқ Таубай, Қабас байлардың тұлғалары бүгін тұңғыш рет сахнаға шықты. Көрермен Жаһанша мен Халелдің Ленинмен кездесуіне де куә болды.
A5B171E3-103D-4F95-B2DB-58A708ABC2A3
Елордалық көрермен арыс туралы драманы асқан ықыласпен қабыл алды. Алаш жолында асыл іс жасап, сол үшін қуғын көріп, абақтыда азып - тозған Жаһанша бетіне су шашқан тергеушіге «Шаш, шаша түс суыңнан, Ғұсылым болсын жуынған!» - деп арыстанша айбат шегіп демі үзіледі. Әлихан, Ахмет, Міржақып, Халелдің аруағы шаһитті ақ киізге орап, көтеріп бара жатқанын көрген халық еріксіз егілді.
Көрермендер қатарында ҚР Спорт және мәдениет Министрінің орынбасары Нұрғиса Дәуешов, алаштанушылар Тұрсын Жұртбай, Дәметкен Сүлейменовалар болғанын айта кетейік. Вице-министр қойылым соңында сөз сөйлеп, Сырым аудандағы мәдениет саласының бірқатар өкілдеріне министр А. Ораловтың алғыс хатын табыс етті. Нұрғиса Дәуешов Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиевке де шапан жапты.
99A1ECEE-772D-4DD0-9F84-127FE69344F4
Осы шарада Сырым аудандық мәслихатының шешімімен «Сырым ауданының Құрметті азаматы» болып танылған спортшылар Нұрлан Бекжановқа, Абзал Әжіғалиевке, физик Нұрхат Жакиевке атақ салтанатты түрде тапсырылды.
«Ақ киіз» көп ұзамай Жымпитыда сахналанады.
Бауыржан Шерім,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале