2.05.2017, 17:43
Оқылды: 67

Астанадан жүлдемен оралды

Janakala Astana okushilar   Жаңақала ауданындағы Қали Жантілеуов атындағы аудандық балалар саз мектебінің бір топ оқушысы Астана қаласында 29 сәуір-1 мамыр аралығында өткен «Салем, Астана!» республикалық фестиваль байкауына қатысып,  жүлделі орындарға ие болды.


   Астана қаласында «Күншуақ» қоғамдық қоры ұйымдастыруымен өткен байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 2000-ға жуық өнерлі өрендер жеті номинация бойынша өнерлерін ортаға салып, сайысқа түсті.

  Дүбірлі додаға Жаңақала ауданынан вокаль және виоленчель сыныптары бойынша қатысты. Бұған дейін облыстық, республикалық байқаулардың бірнеше дүркін лауреаты, дипломанты атанып үлгерген жерлесіміз Аида Тілеуқабыл 14-18 жас аралығындағы қатысушылар арасынан вокаль жанры бойынша гран-при иеленіп, кубок және дипломмен марапатталса, осы жанрда 11-14 жас аралығындағы қатысушылар арасынан Бекзат Болатов та гран-приге ие болды.

   Сондай-ақ вокал жанры бойынша 7-10 жас аралығындағы қатысушылар арасынан Камила Гафарова 2 орын, Жасмина Тұрсынғалиева 3 орыннан көрінсе, классикалық виолончель жанры бойынша 11-14 жас аралығындағы қатысушылар арасынан Бақытжамал Танатарова 2 орыннан, Дильназ Мұратова 3 орынды жеңіп алды. Бұл оқушылардың жеңіске жетуіне олардың жетекшілері Асанова Миргуль Сагидоллакызы мен Шынтаева Асыл Ержанкызының қосқан үлестері зор.

Надежда ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале