10.08.2023, 15:15
Оқылды: 32

«Асық ату» жарысы: кімдер үздік атанды?

Тасқала аудандық спорт клубы Тасқала ауданының 90 жылдық мерейтойына орай асық атудан аудан біріншілігін өткізді.

асық 1

Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Талғат Шакиров қатысып, біріншілікке қатысқандарға сәттілік тіледі.

Біріншілік қорытындысында ұлдар арасында Фархат Мұқанғалиев жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орынды Артур Шурин иеленсе, ІІІ орынды Мирас Сұпығалиев қанжығасына байлады.

Қыздар арасында Азиза Файзуллина топ жарып І орынды иеленді. Ал ІІ орын Саягүл Ғалиеваға бұйырса, үздік үштікті Гауһар Бекесова қорытындылады.

Тартысқа толы жарыста жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хат және медальдармен марапатталды.

Еске сала кетейік, жуырда Спорт күніне орай спорт мекемелері арасында ұйымдастырылған облыстық жарыста асық атудан ауданымыздың ерлер командасы топ жарып, бірінші орынды иеленді. Аудан намысын аудандық спорт клубының спорт нұсқаушысы Фархат Мұқанғалиев пен Алтынбек Өтеғалиев қорғады.

Болат Бек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале