22.02.2024, 12:00
Оқылды: 11

Асық атудан облыс чемпионатында үздіктер анықталды

Бүгін Теректі ауданы Пойма ауылындағы жаңа мектепте алғашқы ірі шара өтті.

асык 2

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырып, Теректі ауданы әкімдігі қолдауымен өткен жасөспірімдер арасындағы асық атудан және бес асықтан облыс чемпионатына  Ақжайық, Бөрлі, Теректі аудандарынан, Орал қаласынан асықшылар келді.

Ұлттық ойынның салтанатты ашылуында Ақсуат ауылдық округінің әкімі Жаннұр Бекбауұлы ойыншыларға сәттілік тіледі.

Көрер көзге оңай көрінгенмен, баланы жастайынан дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа тәрбиелейтін орыны бар асық  ойыны бүгін де өз маңызын жойған жоқ. 15-13 жас арасындағы ұл-қыздар асық атуда шеберліктерімен жанкүйерлерге ұлттық ойынның тамаша қырларын көрсетті.

асык

Шара нәтижесінде ұпай санымен Орал қаласының қыздар командасы облыс чемпионы деп танылды. Ұлдар арасында – Ақжайық ауданы  командасы жеңімпаз.

Чемпионатта шеберлік көрсеткен ойыншылар жеке аталымдарға ие болды. Теректі ауданы ойыншысы Нұржан Тұрнияз – «Үздік ойыншы». «Сұр мерген» аталымы да Теректі асықшысы Сайлау Нұржанға бұйырды. Бөрлілік Рима Бекмұхамбетова «Үздік жаттықтырушы» атанды. Ақжайық ауданында ұлттық ойынды дәріптеп жүрген Қуаныш Телағысов «Үздік төреші» деп танылды.

Тамара Жұмат,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале