18.12.2019, 18:29
Оқылды: 62

Атқа міне білесіз бе?

Бәйтерек ауданы Мичурин мектеп-балабақшасында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Атқа міну мәдениеті-Ұлы даладан тараған» атты шара өтті.

baiterek at

Шара барысында Құбайдолла қария мен оның ұлдары Жамбыл, Жанқабыл Сәтбаевтар атқа мінудің қыры мен сыры туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Оған Асан, Жамбыл, Мичурин мектептерінің тарих әдістеме бірлестігі пән мұғалімдері және басқа да ұстаздар, 10-11 сынып оқушылары қатысты. Бұл шара «Сұхбаттасу» және «Тәжірибелік» бөлімдерден құралды.

- Кездесуді ұйымдастырудағы негізгі мақсат - атқа міну мәдениетін, соның ішінде, қазақ халқының ұлттық спорт ойынының бірден-бір көп тараған түрі «Бәйге» мен «Аламан бәйге» екендігін ұғындыру және оқушылардың атқа мінуге деген қызығушылықтарын арттыру.

 Айта кетелік, «Сұхбаттасу» бөлімінде балалар «Атқа міну» мәдениетімен, қазақ халқының дәстүрімен, атқа байланысты ұлттық ойын түрлерімен танысты. Сондай-ақ «Баланы атқа мінгізу» дәстүріне орай арнайы таныстырылым көрсетілді. Кездесуіміз пікір алмасуға (сұрақ-жауап) жалғасты. Өз кезегінде балалар атқа, салт-дәстүрге байланысты өлең оқып, ән де шырқады, - дейді мектеп директоры Алмагүл Алғалиқызы.

 «Тәжірибелік» бөлімде Құбайдолла ағамыздың немересі, мектептің 10-сынып оқушысы, шабандоз Ерназ Жанқабылұлы спорт алаңында атқа мінудің қыр-сырын үйретті. Қысқасы, бұл бастаманың жас толқынға берер тәлімі мен тәрбиесі аз болмады.

         Нұрлыбек Қыдырғалиұлы

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале